RU
Толық нұсқаға өту

А. Вучич қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуды ұсынды

28.02.2026, 09:00 47

Елге ресми сапармен келген Сербия Президенті Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевқа қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасуды ұсынды.

Александр Вучич UAE SWAT Challenge-2026 жарысында топ жарған қазақтың қыз-жігіттеріне тәнті болғанын тілге тиек етті. "Өзіміздің жігіттерді де мақтан тұтамын. Олар жақсы нәтиже көрсетті. Бірақ сіздің қыз-жігіттер қатты таңқалдырды", - деді Сербия Президенті. Естеріңізде болса, Қазақстанның арнайы жасақ өкілдері әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған Дубайдағы дүбірлі додада топ жарып, көк Туымызды желбіреткен. 

Александр Вучич, Сербия Президенті: 

- Бүгін Сізден нақты бір сала туралы сұрағым келеді. Бұл арнайы бөлімшелердің жұмысы туралы. Мен Біріккен Араб Әмірліктерінде дүние жүзінің түкпір-түкпірінен келген арнайы бөлімшелер арасындағы жарысты тамашаладым. Қазақстанның бұл бағытта әлемде үздік екеніне көзім жетті. Мен мұны Сербия азаматтары да білгенін қалаймын. Біздің құрама кейбір жарыс түрлері бойынша жақсы өнер көрсетті, алайда кей сайыстарда ойдағыдай нәтижеге жетпегені рас. Ал қазақ жігіттері мен қыздары бір де бір сайыста сүрінген жоқ. Мен бұндайды бұрын-соңды көрген емеспін. Арнайы жасақ қызметкерлеріңіз қателікке бой алдырмай, ең жоғары деңгейден көрінді. Олар біздің сарбаздарды жаттықтырса деймін. Осы мәселе бойынша ынтымақтастық орнатсақ дұрыс болар еді. Сіздерді қауіпсіздік саласындағы жетістіктеріңізбен тағы да құттықтаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz