Азия Даму банкі Қазақстанда бірқатар стратегиялық жобаларды қаржыландыруға дайын. Соның ішінде тұрғын үй құрылысы, төтенше жағдайларды басқару және басқа да бағыттар бар.
Мемлекет басшысының қабылдауында болған Азия Даму банкінің президенті осылай деді. Масато Канданың осы лауазымға кіріскеніне 1 жыл. Ал қаржылық институттың құрылғанына 60 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев қонағын қос датамен құттықтады. Банк 30 жылдан астам уақытта елге 7 млрд.-тан аса доллар қолдау көрсетіп, 180-ге жуық жоба іске асқан. Масато Канда Қазақстанның цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізуде алдыңғы орында екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Азия даму банкімен арада орнықты және ұзақ мерзімді серіктестік орнағанын айтты. Өзара тиімді кооперацияны одан әрі кеңейтуге әзір екенін жеткізді.
Тегтер #Тоқаев #Мемлекет басшысы #Азия даму банкі #Масато Канда #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz