RU
Толық нұсқаға өту

Президент Энергетика министрін қабылдады

03.03.2026, 18:00 35

Еліміз мұнай өңдеу көлемін ұлғайтады.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты өндірістік қуатын жылына 6-дан 12 миллион тоннаға дейін, Атырау мұнай өңдеу зауыты  5 жарымнан 6,7 миллион тоннаға дейін арттырады. Павлодар мұнай-химия зауыты жылына 9 миллион тонна мұнай өңдейді. Бұл жайында бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты. Ол мұнай саласында орнықты динамика сақталып тұрғанын жеткізді. Ерлан Ақкенженов Президентке 2029 жылға дейін салынатын жаңа энергетикалық нысандар жайында мәлімет берді. Биыл Алматы қаласында екінші жылу электр орталығының құрылысы аяқталады. Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясы бой көтереді. Бұдан бөлек «Көмір өндіруді дамыту» ұлттық жобасының әзірлену барысы туралы ақпарат берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отын-энергетика секторын одан әрі дамыту, жоспарланған жобаларды уақтылы әрі сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz