Алматыда бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы шамамен 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды 24KZ OpenWeather порталына сілтеме жасап хабарлайды. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с шамасында болады.
Синоптиктердің болжамынша, Астанада қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін жетсе, түнде -8 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы шамамен 9,2 м/с болмақ.Шымкентте бүгін ауа райы ала бұлтты болады. Күндіз температура 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с шамасында болады.