Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті. Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстандағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.
Оның пікірінше, референдум қорытындысы қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыру жолын толық қолдайтынын көрсетеді. Өз кезегінде қазақ басшысы Қырғызстаннан байқаушылар жібергені үшін әріптесіне ризашылығын білдірді. Тараптар арадағы сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту перспективасын талқылап, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.
Тегтер #Қырғызстан #Тоқаев #Садыр Жапаров #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz