Ицхак Герцог әңгімелесу барысында Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейтуге басымдық берілді. Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді. Қазақстан Президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайды.
Тегтер #Тоқаев #Израиль #телефон арқылы сөйлесті #Ицхак ГерцогPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz