RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкіміне бірқатар тапсырма берді

20.03.2026, 16:07 42

Алматының туризмі мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл «Шымбұлақты» жаңғыртып, іргелес шатқалдарды дамыту жоспарланып отыр.

Бұл жұмыс 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындықпен бірге жүргізіледі. Бүгін Президент қала әкімін қабылдап, шаһардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын тыңдады. Дархан Сатыбалдының айтуынша, бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктерінде құрылысты шектеу көзделген. Одан бөлек, BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтауға басымдық берілген. Қала экологиясына ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту қолға алынды. Шаһардың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы биылғы қаңтар-ақпан айларында 9,4 пайызға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда есебінен құралады. Ал инвестициялық портфель 2,8 триллион теңгеден асады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz