RU
Толық нұсқаға өту

21 наурыз - Ынтымақ күні

21.03.2026, 08:12 53

Ұлыс оң, ақ мол болсын.

Бүгін әлемде наурыз мерекесін тойлау басталды. Шығыс халықтарына ортақ мерекені 2009 жылы ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне қосты. Бір жылдан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып белгіленді. Наурыз көне парсы тілінен аударғанда «жаңа күн», «жаңа жыл» дегенді білдіреді.  Ұлыстың ұлы күнін тек түркі халық­тары ғана емес, парсылар, гректер де атап өтеді. Көктем мерекесін 3000 жылдан бері Балқан түбегі, Қара теңіз аймағы, Кавказ, Орталық Азия мен Таяу Шығыста 300 миллионға жуық адам тойлап келеді. Наурыз жаңару мен ізгіліктің бастауы. Халқымыз күн мен түннің теңеліп, жер бетіндегі тіршілік қайта оянатын кезеңді ерекше қарсы алған. Елде 2024 жылдан бастап Наурызнама аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып "жаңа жылды" кеңінен атап өтіп жатыр. Бүгін Ынтымақ күні. Бұл күні елдегі ұлт пен ұлыстың бірлігі мен татулығы ұлықталып, насихатталады. Жұртшылық бір-біріне ізгі тілектерін айтып, ризашылықтарын білдіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz