RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады

21.03.2026, 12:46 44

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

"Ең алдымен, баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! "Әз-Наурыз тазару, жаңару уақыты. Тазалық – мән-мағынасы кең ұғым. Бұл ең алдымен, ой тазалығы, сана мен ниет тазалығы деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан екі жыл бұрын елімізде "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы бастау алғанын еске салды. Ауқымды жоба халықтың, әсіресе жастардың жаппай қолдауына ие болды. Азаматтарымыз тазалықты құр сөзбен емес, нақты ісімен көрсетуде. Ұқыптылық, жинақылық, тиянақтылық қасиеттері ұлтымыздың жаңа сапасына айнала бастады. Жалпы "Таза Қазақстан" бастамасы – жай ғана кезекті саяси науқан немесе үгіт-насихат емес, бұл мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Сондықтан осы игі іспен біз жыл бойы айналысуымыз керек, бұл ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс. Әсіресе Ұлыстың ұлы күні тазалық философиясын кеңінен дәріптеу маңызды, деді Мемлекет басшысы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz