Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды. Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды.
Қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, зергерлік өнер үлгілері мен суретшілердің туындылары көрсетілді. Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады. Шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.
Тегтер #Басты жаңалықтар #Мемлекет басшысы #Тоқаев #Наурыз мейрамыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz