RU
Толық нұсқаға өту

22 наурыз – Жыл басы

22.03.2026, 07:30 71

Бүгін – күн мен түн теңелген Ұлыстың ұлы күні. Адамдар шат-шадыман болатын төл мейрам. Жер-ананың бусанатын, адамзаттың еңбектенетін, қайырымдылық жасайтын, үлкеннің батасын алып, бір үйлесімге келетін кездің бастауы.

Осыған орай қазақ халқы арқаны кеңге жайып, 30 күн ойын, 40 күн тойын жасаған. Орталық Азия жұртшылығы әз-Наурызды 5 мың жыл бойы тойлап келеді. Ертеде көшпенді қазақ мал-жанының қыс мезгілінен аман шыққанына қуанып, көктемді жыл басы санаған. 22 наурыз – күнтізбенің бастауы. Наурызнама бойынша - Жыл басы. Бұл мейрамда ұмыт қалған дәстүрлер жаңғыртылады,-дейді этнографтар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz