RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

24.03.2026, 18:45 53

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Ораза айт пен Наурыз мерекелеріне орай бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді.

Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады. Түркия президенті аталған оң өзгерістер Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты әрі батыл саясатының нәтижесі екенін атап өтті. Режеп Тайип Ердоған биыл 14 мамырда Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына және осы сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне айрықша мән беретінін мәлімдеді.  Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысының, Астанада ұйымдастырылатын жоғары деңгейдегі келіссөздер, екі елдің стратегиялық серіктестігіне тың серпін беру тұрғысынан аса маңызды деген пікірін құптады. Сонымен қатар Түркістандағы түркітілдес елдер басшыларының саммитіне үлкен үмітпен қарайтынын айтты. Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын cәуірде Анталияда өтетін Дипломатиялық форум отырысына қатысуға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz