RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Грекия Президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдады

25.03.2026, 10:02 48

Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуласты Грек Республикасының ұлттық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жеделхатта Қазақстан мен Грекия арасындағы достық пен өзара ынтымақтастыққа негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өтті. Қазақ басшысы болашақта да сан қырлы ынтымақтастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін беки түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Константинос Тасуластың аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал Грекия халқына құт-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz