Еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін.
28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27-28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады. Күндіз ауа температурасы батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +15…+25°С-қа дейін, солтүстік пен шығыста +10…+17°С-қа дейін, орталықта +13…+24°С-қа дейін, оңтүстікте +21…+30°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +18…+27°С-қа дейін, ал таулы аймақтарда +10…+15°С-қа дейін көтеріледі.
Тегтер #жауын шашын #ауа райы #антициклонPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz