RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

02.04.2026, 14:31 26

Кездесуде білім мен ғылым саласын дамыту бағытындағы негізгі жоспарлар талқыланды.

Министр адам капиталын дамыту, таланттарды қолдау және 2030 жылға дейін мамандарға сұраныс қандай болатыны жөнінде баяндады. Сондай-ақ жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, жаңа қаржыландыру тетіктері мен «Келешек» бағдарламасы сөз болды. Жасанды интеллектіні білім мен өндірісте қолдану, AI-Sana қозғалысын дамыту және жаңа форматтағы университет ашу жоспарлары таныстырылды. Бұдан бөлек, ғылыми кластерлер мен ғылым қалашықтарын құру, DeepTech бағыттарын дамыту мәселелері көтерілді. Ғалымдарды қолдау, гранттар бөлу, жас зерттеушілерді ынталандыру және баспанамен қамту шаралары да назардан тыс қалмады. Президент білім сапасын арттыру, ғылымды дамыту, жаңалықтарды өндіріске енгізу және халықаралық серіктестікті күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz