RU
Толық нұсқаға өту

Президент ШҚО әкімін қабылдады

03.04.2026, 15:00 40

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады.

Өңір жетекшісі Президентке аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады. Айтуынша, былтыр инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсеткен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Былтыр елдің шығысында 407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. 29 мың адам еңбекпен қамтылды. Биыл 17 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланған. Нұрымбет Сақтағанов облыста инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән берілгенін де тілге тиек етті. Былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталған. Кездесу соңында Президент аймақта экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz