«Казигидромет» бүгін 15 өңірде күн райы күрт бұзылатынын ескертеді. Яғни елдің басым бөлігінде бұршақ аралас жаңбыр жауып, қою тұман түсуі мүмкін.
Ал кейбір аймақтарда түске дейін жел күшейіп, солтүстік облыстарда қатты дауыл соғады. Бұдан бұрын сел шайып кеткен республикалық маңыздағы «Кеген-Нарынқол» күрежолындағы қозғалыс қалпына келтірілді. «ҚазАвтоЖол» Кеген мен Тасашы ауылдары аралығындағы бөлікті жөндеуді аяқтап, таңға жуық жолды ашты. Бұған дейін көліктер уақытша төселген жол арқылы қатынаған еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ауа райы #КазгидрометPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz