Бірқатар салада бюджет қаржысын оңды-солды шашу деректері анықталды.
Мысалы, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық нәтижелерді коммерцияландыруға бағытталған 10 миллиардтан аса теңге мақсатсыз жұмсалған. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мәлімдеді. Оның айтуынша, мал шаруашылығына бөлінген 30 миллиард теңге субсидияны да тиімсіз пайдалану тәуекелі айқындалды. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал құрылыс саласында 5 миллиард теңгеден аса қаржыны заңсыз иемденбек болған жандарға қатысты 21 қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек, 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Жалпы аудиториясы 25 мыңнан асатын 3,7 мың алаяқтық сайт және 22 топтық чат жабылды. Қылмыстық табыстарды жылыстатуға қарсы күрес те қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, заңсыз схемаларда қолданылған дроп-карталарға қатысты 14 сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың есепшотындағы қаржының жалпы айналымы 13 миллиард теңгеден асқан. Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттіктің негізгі бағыттары бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Жанат Элиманов #тапсырмаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz