Төтенше жағдайлар қызметі отпен 1 сағаттан астам уақыт арпалысты. Әзірге өрттің қалай, неден болғаны белгісіз. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратының өртеніп жатқандығы туралы ақпарат жедел басқару пультіне шамамен кешкі 20:30-да түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің жасақтары оқиға орнына 5 минутта жетіп, дереу сөндіруге кірісті. Жалын ғимараттың оңтүстік бөлігіндегі шатырын шарпыған. Өрт сөндірушілер жалынмен 1 сағаттан астам уақыт күресті.
Асхат Шахаров, облыс әкімі:
- 31 техника, 106 адам ТЖД қызметкерлері жұмыс істеді. Толықтай атқарды. Енді тәулік бойы осында жұмыс жасайды. Жалпы айтқанда ғимарат зардап шеккен жоқ. Тек қана шатыры жанды. Соған байланысты ертеңнен бастап жұмысымызды жасайтын боламыз.
Мансұр Есқожин, тілші:
- Төтенше жағдайлар департаменті мамандары ғимарат қасбеті мен шатырында жанғыш материалдардың болуы, қою түтін мен жалынның желмен өрши түсуі қиындық тудырғанын айтады. Бастысы өрттен зардап шеккен адам жоқ. Бұл кезде әкімдікте күзетшілер ғана қалған. Өрттің шығу себебін анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Ақтөбе облысы #әкімдік #өрт #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz