RU
Толық нұсқаға өту

Корея президенті Қ. Тоқаевты Сеулге сапармен келуге шақырды

08.04.2026, 14:35 50

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады. 

Мемлекет басшысы екіжақты ықпалдастық қарқынына жоғары баға беріп, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев мейман сапарының маңыздылығына тоқталды. Корея Республикасы да сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды күшейткісі келеді. Арнаулы өкіл қарым-қатынасты мүлдем жаңа деңгейге шығаруға айрықша маңыз артатынын мәлімдеді. Әңгімелесу барысында энергетика, көлік-логистика салаларында ықпалдастықты кеңейту талқыланды. Ал кездесу соңында Президент Ли Чжэ Мёңнің Қазақстан президентін Корея Республикасына сапармен келуге және биыл қыркүйек айында Сеулде өтетін «Корея-Орталық Азия» саммитіне қатысуға шақыратынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шақыруды ықыласпен қабыл алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz