RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі 6 млн көлік 6%-ға жаңарды

10.04.2026, 08:35 47

Көлік арзандауы себепті елде автопарк жаңара бастады. Бірақ, ауыз толтырып айтуға ертерек. Қазақстанның автомобиль одағы: "Көшедегі темір тұлпардың 42 пайызға жуығы ескірді", - дейді.

Мамандардың есебіне сүйенсек, елде 5,9 млн жеңіл көлік бар. Оның 6 пайызы ғана жаңа санатында. Яғни жолға шыққанына үш жыл болғандар. Автомобиль одағының сарапшылары кейінгі жылдары жаңа көліктердің саудасы қыза түскенін айтады. Бір тәуірі, отандық темір тұлпардың үлесі басым. Мәселен, былтыр сатылған көліктердің 69 пайызы Қазақстанда шығарылған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz