Мемлекет басшысы Ақордада ғалымдармен бас қосты. Елде ғылыми жобаларға инвестиция салатын бизнес өкілдеріне салық жеңілдігі беріледі.
Жалпы кейінгі 5 жылда ғылым саласына бөлінетін қаржы көлемі 6 есе өскен. Зерттеу университеттерінің саны артты. Қасым-Жомарт Тоқаев жүйелі қолдау мұнымен тоқтамайтынын айтты. Ол өз сөзінде биылғы жылды - Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағанын еске салды. Мемлекет басшысының сөзінше, "Ғылымға бет бұру – өсіп-өркендеуге ұмтылған әрбір елдің тарихи міндеті". Енді жас ғалымдар ғылыммен алаңсыз айналысуы үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Қазіргі таңда 600-ден астам дарынды жасқа баспана берілді. Жыл сайын жас зерттеушілер әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына барып, тәжірибе жинап, тағылым алуына мүмкіндік бар. Президент жиналған қауымға: "Озық мемлекеттің қазығы – ғылым, ал қазынасы – ғалым", - деді.
Тегтер #Мемлекет басшысы #ғалымдар #құрмет
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz