RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

12.04.2026, 09:38 23

Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Президент Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналатынын атап өтті. «Ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.  

Сондай-ақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz