Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұхара қаласының әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.
Айта кетейік сапар барысында мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізді. Тараптар экономикалық серіктестікті кеңейту жөніндегі стратегиялық бағытты ұстанатынын растады. Сауда мен өндіріс салаларында нақты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін екі ел үкіметтерінің ықпалдастығын арттыру туралы келісім жасалды. Мемлекеттер басшылары сирек кездесетін металдарды өндіру мен өңдеу, көлік-транзит, су-энергетика салалары және ІТ секторындағы ықпалдастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Тегтер #президент #Қасым Жомарт Тоқаев #жұмыс сапарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz