Президент ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа лауазымына қатысты жоспарын таныстырды.
Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне байланысты көптеген мәселе талқыланды. Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы ынтымақты нығайтуға дайын екенін айтты.
Тегтер #президент #ҰҚШҰ #бас хатшы #Таалатбек Масадыков #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz