Мемлекет басшысы Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілі Ретно Марсудиді қабылдады.
Кездесу барысында су ресурстарының жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі негізгі мәселелері талқыланып, Президент еліміз үшін тіршілік нәрінің орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және өңірдегі тұрақтылықпен тікелей байланысты стратегиялық ресурс екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құру жөнінде көтерген бастамасына арнайы тоқталып, бұл су ресурстарын ұтымды пайдалануға, бұл мәселеге қатысты сын-қатерлер бойынша халықаралық үйлестіру тетігін кеңейтуге және орнықты шешімдерді ілгерілетуге тың серпін беретінін жеткізді. Айта кеткен жөн, алдағы күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитте аталған құрылымды қалыптастыру тетіктері егжей-тегжейлі талқыланбақ. Ал желтоқсан айында Абу-Дабиде өтетін Су ресурстары жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конференциясы саладағы түйткілді сауалдарды шешуде негізгі келіссөз алаңына айналады.
Тегтер #Басты жаңалықтар #БҰҰ #Мемлекет басшысы #су ресурстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz