RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

16.04.2026, 07:00 32

16-18 сәуір аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райына екі барикалық түзілім әсер етеді: батыстан шығысқа қарай жылжитын циклон тұрақсыз ауа райын қалыптастырып, жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын әкеледі, - деп хабарлайды «Қазгидромет».

Кезеңнің соңына қарай республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлері солтүстік антициклонның ықпалына өтіп, соған байланысты ауа температурасы төмендейді.  Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі байқалады, ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

Кезеңнің басында солтүстікте түнгі ауа температурасы -1…-8°С дейін, күндіз +1…+8°С дейін төмендейді. Кезеңнің соңында шығыста түнде -2…-18°С дейін, күндіз 0…+13°С шамасында болады. Елдің қалған аумағында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz