RU
Толық нұсқаға өту

20-23 сәуір күндері Қ. Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Қазақстанға келеді

17.04.2026, 12:53 47

Дүйсенбі елге Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх мемлекеттік сапармен келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесін 20-23 сәуір аралығында қонақ етеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөз кезінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақты нығайту әлеуетіне мән берілмек. Бұнымен қат-қабат Астанада Өңірлік экологиялық саммит те өткізіледі. Алқалы жиын 22-24 сәуірге жоспарланған. Алғашқы күні Президенттің төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі ашылады. Жалпы БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты айқын. Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру. Сосын әлбетте климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімі іздестіріледі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz