Мұхтар Шаханов та мәңгіліктің кемесіне мінді. Халық жазушысының қайтыс болуына байланысты Президент отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев оның ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы және Қазақстанның Еңбек Ері екендігін атап өтті. Ірі істерді ілгерлетуші тұлға ретінде еске алды.
«Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.
Тегтер #Тоқаев #Мұхтар Шаханов #көңіл айту #жеделхатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz