RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді

24.04.2026, 14:37 37

Мемлекет басшысы Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді.

Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалмақ. Іске асып жатқан жобалар ЖИ технологиясын мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдануға жол ашады. Айта кеткен жөн, Орталық Қазақстанды технологиялық, заманауи және бәсекеге қабілетті елге айналдыруды көздейтін президенттің стратегиялық бағдарын орындау мақсатында құрылған. Қасым-Жомарт Тоқаев аралау барысында интеллектуалды қала инфрақұрылымының жаңа буынын қалыптастыратын Astana Smart City жобасының іске қосылғанына куә болды. Сондай-ақ Присайт ЭйАй компаниясының бас директоры Томас Прамотедхам қала жүйелері мен деректерді нақты уақыт режимінде біріктіретін бірыңғай ЭйАй платформаны, сондай-ақ оның шаһарды басқару тиімділігін арттыру барысындағы қолдану мүмкіндіктерін таныстырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz