Мемлекет басшысы Sinovation Ventures және 01ai компанияларының бас директоры Ли Кай Фуды қабылдады.
Әңгімелесу барысында Президент мейманның Қазақстанда жоғары технологиялардың дамуына елеулі үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ еліміз салада тиімді әрі нақты нәтижеге бағдарланған серіктестік құруға ниетті екенін айтты. Бұл ретте Sinovation Ventures және 01ai компанияларымен бірқатар бағытта ынтымақтастық аясын кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Нақты айтқанда, Қазақстанда озық білім беру бастамалары мен жобаларды іске асыру, орнықты технологиялық экожүйе қалыптастыру бағыттарының келешегі зор. Қасым-Жомарт Тоқаев мен Ли Кай Фу өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Айта кетейік, бизнесмен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес жұмысына белсенді түрде атсалысып келеді және Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі.
Тегтер #Мемлекет басшысы #жасанды интеллект жылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz