Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта Понтификтің бейбітшілік идеясы халықтар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен. Президент Қазақстан мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да растап, Рим папасының сапары серіктестігімізге жаңа мазмұн дарытып, аймақтағы елеулі уақиғаға айналатынына сенім білдірді.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Рим папасы #құттықтау жеделхатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz