RU
Толық нұсқаға өту

13 жасқа дейін ЖИ пайдалануға рұқсат жоқ

13.05.2026, 07:10 85

Білім саласындағы технологиялар нарығы 2030 жылға дейін жылына шамамен 36 пайызға өсіп отырады. Әлемдік EdTech нарығына қатысты болжам осындай.

Оқушылар қазірдің өзінде кез келген ақпаратты жасанды интеллект көмегімен оңай әрі жылдам табады. Нейрожелілер қиын тақырыптарды түсіндіруден бастап, үй тапсырмасын орындауға дейін көмектеседі. Түрлі эссе, жобалар, тіпті бағдарламалық кодтар үшін идея қосатын таптырмас көмекші. Бірақ бұл баланың өз ойлау қабілетін төмендетпей ме деген алаңдаушылық та бар. Бұл қалай болады?

АҚШ оқушылары ЖИ көмегіне жүгінеді

АҚШ мектептерінде оқушылар жасанды интеллектісіз сабақ оқымайды. Бір жыл ішінде америкалық оқушылар арасында үй тапсырмасын орындау кезінде нейрожелілерді пайдалану көрсеткіші 48 пайыздан, 62 пайызға артқан. RAND American Youth Panel ұсынған сандарға қарап, аналитикалық Brookings Institution сарапшылары осындай когнитивті атрофия қаупі туралы айтады. Бұл дегеніміз - ми жұмысының әлсіреуі. Салдары жады, ойлау, зейіннің нашарлауына әкелуі мүмкін. Яғни оқушылар дайын жауаптарды талдамай алатын болса, деректің рас өтірігін ажырата алмайтын деңгейге жедеді дегенді алға тартады. Тағы бір жайт – әлеуметтік оқшаулану. EU Kids Online жобасының мәліметтері бойынша, Еуропадағы балалардың 70%-ы генеративті жасанды интеллектіні қолданады. Бірақ көбіне оны байқамайды. Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы мұғалімдермен байланыстың азайғанын айтады. Сарапшылар осындай негізреге сүйене отырып, оқушыға жасанды интелектініі барынша дұрыс пайдалануды үйрету қажеттігін айтады.

Эрик Бриньолфсон, Стэнфорд университеті ЖИ институтының профессоры:  

- Бұл үдерісті қарапайым тілмен «интеллектуалды семіру» деп атасақ болады. Калориясы жоғары, бірақ пайдасыз фастфуд тағамдары денсаулыққа қалай әсер етсе, жасанды интеллект ұсынған дайын жауаптар да санаға солай әсер етеді. Оқушыларға нейрожелілерді қалай басқаруды үйрету маңызды. Әйтпесе сыни ойлау қабілеті нашарлап, қоғаммен араласуы қиындайды.

Жөнді ЖИ оқушының оқу үлгерімін жақсартады

Жаңа технологияның жетістігін де назардан қалыс қалдыруға болмас. Scientific Reports журналы ұсынған дерекке сүйенсек, нейромұғалімдерді пайдалану арқылы оқушылардың үлгерімін едәуір жақсартуға болады. Мұндай оқушылар тапсырманы жылдам орындайды. Орташа алғанда, оларға дәстүрлі оқыту моделіндегі 60 минуттың орнына шамамен 49 минут қажет. Бұл үшін әмбебап чат-боттарды емес, педагогикалық шектеулері бар жүйелерді қолдануға тиіс. Осы орайда биыл сала мамандары  «Safe AI» яғни  «қауіпсіз жасанды интеллект» шешімдеріне көшуді ұсынады. Бұл – лезде жауап бермейтін, сұрақтар қою арқылы оқушының тапсырма шешімін өзі табуына көмектесетін жүйелер.

13 жасқа дейін ЖИ пайдалануға рұқсат жоқ 

ЮНЕCКО оқушылардың жасанды интеллектіні пайдалану мәселесін назарға алған. Ұйым бекіткен ережелерді әлем елдері басшылыққа алады. Негізінен этика, сыни ойлау және ақпаратты тексеру дағдысына басымдық беріледі. Яғни жасанды интелелкт дайын жауаптар беруші емес, ойлану мен оқуға арналған құрал ретінде қарастырылады. 2023 жылы цифрлық дәуірдегі балалардың қауіпсіздігін қорғау жөнінде алғашқы жаһандық құжат қабылданған болатын. Онда мектепте ЖИ құралдарын қолданудың төменгі шегі 13 жас деп бекітілген. Нейропсихологтардың пікіріне сүйенсек, бұл жасқа дейін баланың сыни ойлау қабілеті толық қалыптаспайды. Әрі ЖИ ұсынған ақпаратты ақиқат ретінде қабылдауға бейім келеді. Осыған сәйкес бірқатар елдің заңнамасында 13 жасқа толмаған балалардың жеке деректерін ата-анасының рұқсатынсыз жинауға тыйым салынған.

Қазір әлемде жасанды интеллектінің тілін меңгеру 2010 жылдардың басындағы ғаламтордан ақпарат іздеу дағдысы сияқты базалық цифрлық сауаттылықпен тең. Сондықтан ақпараттың анық-қанығана көз жеткізу оқушылар үшін де, жалпы қоғам үшін де маңызды. Ал жасанды интеллект қоғамның басты құралына айналып келеді. Мұны оқушы бүгін меңгермесе, ертең заман ағымына ілесе алмай қалуы кәдік.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz