13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады. Тараптар екі жақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.
Тегтер #жасанды интеллект жылы #Тоқаев #Ердоған #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz