Қасым-Жомарт Тоқаев елге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанды қарсы алды.
Қазақ елінің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына дейін Түркия Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Түркия Президентінің келуіне орай трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар Реджеп Тайип Ердоған бастаған Түркия елінің ресми делегациясына "Ata yurda hoş geldiniz!" – "Атажұртқа қош келдіңіз!" деп екі тілде қошемет көрсетті. Сол сәтте Түркия мен Қазақстан туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. Ал әуежай терминалында жас өнерпаздар Түрік елінің көшбасшысына арнап "Домбыра" композициясын орындады.
- Қара қыс ауылыма келгенде, Үлпілдеген қар жерге түскенде, Домбырамды алармын, Жүрек сазын шалармын, Кайғырғанды еш айтпай!
Тегтер #Мемлекет басшысы #Түркия президенті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz