RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан ТМҰ бейресми саммитін өткізуге дайын 

15.05.2026, 07:11 42

Түркістан жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға дайын.

Маңызды жиыннан хабар тарату үшін 500-ге жуық БАҚ өкілі келген. Ал саммитке орай түркі әлемінің рухани астанасы одан сайын құлпыра түскен. Қаланың орталық көшелеріне қатысушы мемлекеттердің тулары ілініп, шаһарда бірқатар арт-нысандар ашылған. Солардың бірі шаһарға кіреберіс жақта Тайқазанның сәулеттік макеті. Оның биіктігі 10,5 метрге, ал диаметрі 12 метрге дейін жетеді. Нысан маңайы ерекше безендіріліп, аббаттандырылған. Тағы Түркістанда ұлттық мәдениетті насихаттауға және заманауи туризм инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жаңа этно-туристік кешен де бой көтерді. Бұндағы басты архитектуралық нысан – диаметрі 31 метр, ал биіктігі 15,5 метр болатын алып киіз үй. Кешеннің жалпы аумағы 707 шаршы метрге жетеді. 

Қуаныш Асанов, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Киіз үй сегіз бұрыш жұлдыздың үстінде отыр. Және сол сегіз бұрыштың сегіз бұрышында бір-бір киіз үйден сегіз киіз үй орналастырылған. Және ол киіз үй кешені Қазақстан Республикасының картасында отыр. Ол карта бізде парк есебінде жасалған, облыс-облысқа бөлініп, кәдімгідей масштабпен жасалған үлкен парк. Осындай кіреберісіндегі Тайқазанға оралатын болсақ, Тайқазанның астына жұлдыз бен айды орналастырдық. Бағанағы киіз үйдің астындағы сегіз бұрыш, Тайқазанның астындағы жұлдыз бен ай — оның бәрі Түркі мемлекеттері ұйымының символикасындағы бар дүниелер, формалар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz