Жоба биыл 17 мамырда іске қосылады.
Осылайша Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ. Бұл бастама БАӘ Ұлттық метеорология орталығымен бірге жүзеге асырылады. Бүгін мемлекет басшысы аталмыш орталықтың бас директоры әрі БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті Абдулла Әл-Мандусты қабылдады. Кездесуде Қазақстан үшін стратегиялық мәнге ие климат мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ерте хабарлау жүйесін дамыту, метеорологиялық инфрақұрылымды жаңғырту және ғылыми деректер алмасуға басымдық берілді. Президент Қазақстан тарапының өзара байланысты арттыруға дайын екенін растады. Бұдан бөлек өңірлік және жаһандық деңгейдегі су қауіпсіздігі мен су ресурстарын басқару мәселелерін шешудің өзектілігіне мән берілді.
Тегтер #Түркістан #жаңбыр #Түркістандағы саммит #24KZ #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz