RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев зерделі ұлт қалыптастыру туралы Жарлыққа қол қойды

16.05.2026, 20:30 39

Мемлекет басшысы Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.

Құжат адами капиталды дамыту, қоғамның зияткерлік және мәдени әлеуетін нығайту, білім беру, тәрбиелеу және оқу-ағарту ісінің негізгі элементі ретінде кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында қабылданды. Қаулыда оқырмандарға арналған заманауи инфрақұрылымды дамыту: цифрлық құралдарды қолдана отырып, жаңа форматтағы кітапханалар, қоғамдық кеңістіктер құру; баспагерлердің мемлекет үшін пайдалы қызметтерін ынталандыру; ұлттық әдеби мұраны ел ішінде және шетелде насихаттау жайында нақты шаралар бекітілген. Отандық жазушылар мен ақындарды қолдау жайы да ерекше назарға алынады. Аталған мәселелермен қатар ел Үкіметіне биыл 1 қыркүйекке дейін «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасын іске асыру тапсырылды. Жыл соңына дейін «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын бекіту, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа Заңның жобасын әзірлеу тапсырылды. Президент Жарлығы аясында елімізде кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындалып, бірыңғай қолжетімді Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz