RU
Толық нұсқаға өту

Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

19.05.2026, 18:06 88

Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азуленің ЮНЕСКО Бас директоры ретінде атқарған қызметіне жоғары баға берді. Әрі Қазақстанның бірегей мәдени құндылықтарын, тарихи ескерткіштерін, зияткерлік мұраларын сақтауға және олардың халықаралық деңгейде танылуына ерекше үлес қосқанын атап өтті. ЮНЕСКО-ның бастамалары мен бағдарламалары арқылы әлемдік қоғамдастық Қазақстанның Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен бастап, Ұлы даланың мәдени кеңістігіне дейінгі қайталанбас мұраларымен таныс болды. Өз кезегінде ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Мемлекет басшысына жоғары марапат тапсырғаны үшін алғысын жеткізді. 

Одрэ Азуле, ЮНЕСКО-ның бұрынғы бас директоры:

- Президент мырза, маған көрсеткен айрықша құрметіңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Менің Қазақстанға алғашқы сапарым Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен тығыз байланысты. Бұл орынның тарихи ғана емес, рухани құндылығын терең сезіндім. Сол себепті ұлы ойшыл атындағы орденмен марапатталғаныма қуаныштымын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz