Интернетсіз де күн көруге болады. Енді онлайн мемлекеттік қызметтер ғаламтор желісі жоқ кезде де қолжетімді болмақ.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осындай жобаны іске асырады. Мәжіліс құжатты бірінші оқылымда-ақ мақұлдады. Жаңа түзетулерде Aitu ұлттық мессенджеріне де тегін кіру қарастырылған. Яғни байланыс нөміріңізде бірлік болмаса да, аталған платформалар сіз үшін қолжетімді болады. Жобаға қатысты заң күзде күшіне енуге тиіс.
Олжас Қабенов, ҚР ЖИЦДМ Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары:
- eGov mobile, esalyk, eotinish платформалары тарифтелмейді. Оның аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің бәрі, сондай-ақ цифрлық құжаттарды кез келген уақытта ашып, тиісті органға көрсете бересіз. Қазір бұл қызметтер интернет жоқ жерде көрсетілмейді. Біз ұсынған заң жобасында осындай қосымшалар тәулік бойы қолжетімді болуын қамтамасыз етуді көздедік. Операторлармен келісім жүріп жатыр.
Тегтер #мемлекеттік қызмет #интернет #қолжетімді #Таңдаулы #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz