Алматыда «Батыр» президенттік полкі қатарындағы жас сарбаздар әскери ант берді.
Салтанатты шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында өтті. Рәсімге Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты. Сап түзген 90 жауынгер елдің әр өңірінен іріктелді. Олар әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында арнайы дайындық курстарынан өтті. Енді мерзімді қызметтерін атқару кезінде әскери мамандықты меңгереді.
Темірлан Ғабитұлы, қатардағы жауынгер:
- Іріктеу өте қиын болды. Балалардың арасынан саралап, ең мықтыларын жинап алып келді. Осы Мемлекеттік күзет қызметінде бір жылдық қызметімді атқаратыныма мен өте мақтанамын деп айта аламын.
Арман Ысқақ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің офицері:
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі міндеттеріне сай, ҚР Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңба эталондарын күзетеді және Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларға қатысады. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысады.
Тегтер #Алматы #Жас сарбаздар #ант беруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz