2026 жылғы 25 мамыр
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейнді және Иордания халқын ел тәуелсіздігінің 80 жылдығымен құттықтады.
Мемлекет басшысы былтырғы сапарлар мен жоғары деңгейде өткен келіссөздер екі жақты ынтымақтастықтың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.
Қазақстан Президенті дәстүрлі достық пен құрметке негізделген серіктестік қос елдің игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла бен әл-Хусейннің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Иордания халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #президент #Иордания #құттықтау жеделхатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz