Оқушылардың жазғы демалысы басталды. Балалардың қолы босады. Бұл мезгілде қауіпсіздік маңызды.
Полиция осы себеппен «Жасөспірім», «Демалыс» сияқты жедел алдын алу іс-шараларын жиілетті. Жалпы кешкі сағат 10-нан кейін көшеде немесе ойын-сауық басқа да орындарда жүрген баланың ата-анасына әкімшілік жауапкершілік бар. Биылдыққа 51 200 баланың заңды өкілі және 1300 кәсіпкер айыппұл төлеген.
Лейла Әліпбаева, ҚР ІІМ ӘПК Ювеналдық полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Ата-аналар балаларының тәрбиесіне тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бірінші ескерту жасалады. Екінші рет қайта осындай жағдай болса, ювеналдық сотқа материал жолданады. Ол жерде ата-аналарға айыппұл салынады.
Тегтер #тыйым #балалар #Заң мен тәртіп #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz