RU
Толық нұсқаға өту

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

04.06.2026, 13:06 53

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күні елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. 

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Шара барысында сөз сөйлеген Президент: Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы екенін айтты. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әр азаматтың парызы әрі нағыз отаншылдықтың белгісі. Жалпыұлттық референдум нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция еліміздің егемендігі мен тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын басты құндылық ретінде бекіткенін де атап өтті. Ата заңда мемлекеттік рәміздерді қадірлеу міндеті де нақты көрсетілген. Себебі Ту, Елтаңба және Әнұран – тәуелсіздігіміздің басты нышандары. Президенттің айтуынша, Үкімет жақын уақытта мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізеді. Ұлттық нышандарды ұлықтау – мемлекетке деген құрметтің көрінісі және баршаға ортақ міндет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz