Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен. Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Швеция КороліPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz