RU
Толық нұсқаға өту

БҚО-да үш түлек суға кетті

10.06.2026, 07:05 133

Кеше ғана мектеп бітірген өрімдей үш мектеп бітруші түлек суға кетті. 

Оқиға кеше кешкісін Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші өзенінде болған. Бұл ауыл Жаңақала ауданына қарайды. Үш бозбаланың жасы 17-18 арасында. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, олар рұқсат етілмеген аумақта шомылған. Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жедел жеткен. Алайда құтқарушылар жеткенше марқұмдардың сүйегін жергілікті тұрғындар судан өздері шығарып үлгерген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz