Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады. Ғабит Сыздықбеков былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 5,7 триллион теңгеге жетіп, 11 пайызға ұлғайғанын айтты. Шымкент аталған көрсеткіш арқылы өңірлер арасында екінші орын иеленіп отыр. Сондай-ақ Мемлекет басшысына бұған дейінгі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді. Қазіргі уақытта 200 орынға шақталған заманауи перинаталдық орталық салынып жатыр. Сондай-ақ биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған. 35 мың жанкүйер сыятын заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше мән беріліп отыр. Мемлекет басшысы Шымкент қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.
Тегтер #президент #Шымкент #әкім #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz