Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-британ қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Президент Корольдің Біріккен Корольдіктің игілігі жолындағы жоғары мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Ұлыбритания #солтүстік ирландияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz