RU
Толық нұсқаға өту

14 маусымға арналған ауа райы болжамы

14.06.2026, 07:09 41

14 маусымда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 14 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 14 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, 14 маусымда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 14 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

№ 12 ҚҚ дауылды ескерту 2026 жылғы 13 маусымнан 2026 ж. 13 маусымның 20 сағ. 2026 ж. 14 маусымның 20 сағ. аралығы 14 маусымда түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 14 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

14 маусымда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі. Семей қ.: 14 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Астана қ.: 14 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

14 маусымда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 14 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

14 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 14 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

14 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 14 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. 

14 маусымда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 14 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 14 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қ.: 14 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ күтіледі. Түнде тұман күтіледі.

14 маусымда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 14 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 14 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

14 маусымда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 14 маусымда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

14 маусымда Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: 14 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

14 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 14 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 

14 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 14 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

14 маусымда түнде Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 14 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

14 маусымда Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 14 маусымда кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz