Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдап, Қарулы күштердің биылғы жұмысы туралы есебін тыңдады.
Ведомство жетекшісі армияның жауынгерлік даярлығы, цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу, сондай-ақ «Батыл тойтарыс – 2026» стратегиялық оқу-жаттығуларына дайындық жөнінде баяндады. Сонымен қатар Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер миссиясының нәтижелері, әскерге шақыру науқаны және әскери қызметтің беделін арттыру бағытындағы жұмыстар туралы мәлімет берді. Кездесуде Бурабайда өтетін «Айбын – 2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындық мәселесі де қаралды. Министр есебін тыңдаған Президент елдің қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Тегтер #президент #Қорғаныс министрі #24KZ #жасанды интеллект жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz